Жамбыл мен Қызылорда облыстарына қарай шығатын барлық бағыттағы жол жабылды
- 389
- UPD: 15:19, 23.01.2021

Бүгін екінші күн Түркістан облысында қарлы боран соғып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Желдің жылдамдығы сағатына 39 шақырымға дейін жетті. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл мен Қызылорда облыстарына қарай шығатын барлық бағыттағы жол жабылды. Республикалық автомагистральдің «Самара – Шымкент» бөлігінде, яғни Төрткүл ауылы маңында жол қозғалысына шектеу қойылды. Ауа райын болжаушылар күшті жел мен қалың қар тәулік бойы толастамайтынын айтады. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертеді.