Ауа райы: солтүстік өңірлерде қатты аяз болады

Қазақстанның он облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, солтүстік өңірлерде күн қатты суып, аяз болады деп болжанды.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында термометр 40 градусқа дейін түсетіні жайында хабарланды. Сол себепті облыс тасжолында автобустар мен дизельмен жүретін көлік қозғалысына тиым салынды.

Қостанай мен Павлодар облысының тұрғындарына да бүгін жылы киінуге тура келеді. Аса бір қажеттілік туындамаса, жолға шығудың да қауіпті екені ескертілді. Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан облыстарында аздап жел соғып, көктайғақ болады.