Бірнеше өңірде тасжолдар ашылды

Республикалық маңыздағы бірнеше жолда көлік қозғалысы жанданды.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланды.

Ақмола облысында сағат 12:00-де Нұр-Сұлтан – Петропавл тасжолының 18-231 шақырымындағы елорда мен Щучинск арылығында қозғалыс ашылды.

Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез тасжолының 536-593 шақырымындағы Айша бибі А учаскесі мен Түркістан облысының шекарасы аралығында көлік қозғалысы жанданды.

Тараз – Шымкент жолында шектеулер алынып тасталды, қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін қалпына келтірілді.

Түркістан облысында Алматы – Ташкент – Термез жолының 593-654 шақырымындағы жол ашылды.

Қызылорда облысы аумағындағы Самара – Шымкент тасжолының 1912-2057 шақырымындағы Бәйгеқұм мен Түркістан облысы шекарасы, Түркістан облысы аумағындағы 2057-2175 шақырымы арасындағы көлік қозғалысы қалпына келтірілді.