Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің біраз бөлігінде сынап бағанасы төмендеп, аяз күшейеді.

Әсіресе, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы -40 градусты көрсетеді.

«Кей жерлерде -43 градусты көсетуі мүмкін», - дейді синоптиктер. Осыған ұқсас жағдай Қарағанды облысында да болады. Ал, Қазақстынның Батыс және Оңтүстік өңірлерінде желдің екпіні күшейіп, тұман басады. Оның ішінде Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Сондай-ақ...