Зейнетақы жинағын алу: enpf-otbasy.kz платформасындағы өтінім неліктен жойылады

Егер enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы өтінім жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектетуді сұраса, онда не істеу керек.

Мамандардың айтуынша, оның бірнеше себебі бар:

  1. Егер қажет сома «0» деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;
  2. Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе.

Мысалы, «1.000.000» немесе «1000000,00» түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектуді сұрайды.

Яғни соманы қосымша белгілерсіз «1000000» немесе «1234567» түрінде көрсету керек;

  1. Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек.

Онлайн платформада жұмыс істеу үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет.

Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алсаңыз болады.

Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді.