Көлікті банк қосымшасы арқылы тіркеуге болады

Елімізде автокөлікті тіркеу мобильді қосымша арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады. Енді көлікті қайта ресімдеу үшін халыққа арнайы қызмет көрсету орталығына барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Бар болғаны белгілі банктің қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер айдарына кіріп, көлікті тіркеуге болады. Бұл жоба ресми түрде ішкі істер министрімен талқыланып, процесті толық қайта қарау ұсынылды.