ҰБТ толықтай электронды форматқа көшіріледі

Ұлттық бірыңғай тестілеу толықтай электронды форматқа ауыстырылады.

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин мәлімдеді.

Бұған дейін елімізде ҰБТ басталғанын хабарлағанбыз. Ол 5 ақпанға дейін жалғасады.

Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істеуде. Карантинге байланысты түлектер тестілеуді 15 лек бойынша тапсырады.

ҰБТ-ны 120 мыңнан астам адам тапсырады деп жоспарланып отыр. Олар:

– 11 (12) сынып оқушылары;

– өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер;

– шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер.