414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада бірқатар көше атауы өзгереді

  • 222
  • UPD: 13:06, 26.01.2021
Елордада бірқатар көше атауы өзгереді 2ГИС

Елордада бірқатар көшенің атауы өзгереді.

Қала әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» жоспары Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:

жобалық атауы А21 көшеге – Ұзақбай Құлымбетов көшесі;

жобалық атауы №231 көшеге – Әнуарбек Байжанбаев көшесі;

жобалық атауы №23-14 көшеге – Мақтай Сағдиев көшесі;

жобалық атауы А22 көшеге – Кәмен Оразалин көшесі;

жобалық атауы А23 көшеге – Аманжол Бөлекпаев көшесі;

жобалық атауы №23-7 көшеге – Бәйкен Әшімов көшесі;

жобалық атауы А25 көшеге – Кеңшілік Мырзабеков көшесі;

жобалық атауы А26 көшеге – Нығмет Нұрмақов көшесі;

жобалық атауы №23-6 көшеге – Рахманқұл Бердібай көшесі;

жобалық атауы А36 көшеге – Салық Зиманов көшесі;

жобалық атауы А98 көшеге – Жұбан Молдағалиев көшесі;

 

Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:

жобалық атауы Е755 көшеге – Әнет баба көшесі;

жобалық атауы Е16 көшеге – Хиуаз Доспанова көшесі;

жобалық атауы Е22 көшеге – Роза Бағланова көшесі;

жобалық атауы Е574 көшеге – Бердіқожа батыр көшесі;

жобалық атаулары Е584 және Е631 көшелерін біріктіріп, Баймұхамет Қосшығұлов көшесі;

жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерін біріктіріп, Уәли Халфин көшесі;

Достық көшесінен басталып, Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін жалғасатын «Қазмедиа орталығы» ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге – Қазақ радиосы көшесі.

 

Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы бойынша:

Жұмабек Тәшенов көшесі – Жұмабек Тәшенев көшесі;

Павлик Морозов орамы – Сейхун орамы;

Ленинградский орамы – Төрткөл орамы;

Жұмабек Тәшенов орамы – Жұмабек Тәшенев орамы;

Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ырғыз орамы;

Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ақжарма орамы;

Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі – Шоқпартас орамы;

Телжан Шонанұлы көшесінің Николай Гоголь көшесінен басталып, Ташкент көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шілікті орамы;Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шилісай орамы;

Ағадыр көшесінің №8 үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шеңгелді орамы;

Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Қарғалы орамы;

Жетісай орамының №49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Үңгіртас орамы;

Ақшағыл көшесінің Кентау көшесінен басталатын бөлігі – Тұздыкөл орамы;

Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Түрген көшесі;

Төңкеріс көшесінің № 14 үйден басталып, Проезд-48 көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Толағай орамы;

Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Текелі орамы;

Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Тастөбе орамы;

Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Талдыбұлақ орамы;

Қызылжар көшесінің Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі – Өлеңдісай орамы;

Тасқұдық көшесінің № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ойқарағай орамы;

Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жиренкөл орамы;

 

Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:

Шығыс Ильинка тұрғын алабы – Үркер тұрғын алабы;

Новый аэропорт көшесі – Жаңадария көшесі;

Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп, Сығанақ көшесі;

 

Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:

Пионерская көшесі – Талшық көшесі;

Проезд-52 көшесі – Ақтоғай көшесі;

Мостопоезд-463 көшесі – Жартас көшесі;

Аспара  көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі – Қатонқарағай көшесі;

Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп, Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталсын.

Хабар 24 телеарнасы