Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет».

Егер кезеңнің басында антициклон жотасы негізінен жауын-шашынсыз ауа райын елдің барлық аумағында сақтаса, 29 қаңтардан бастап солтүстік-батыс циклон батыс аймақтарға, ал 30 қаңтардан бастап оңтүстік облыстарға оңтүстік циклон әсер ете бастайды. Олар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі, сондай-ақ температуралық фон айтарлықтай артады.