Еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Ақмола облысы

28 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 28 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

28 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 18-23 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 28 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

28 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

28-29 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

28-29 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз 28, тәулік бойы 29 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 28, тәулік бойы 29 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.