423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанайда 16 талапкер ҰБТ ережесін бұзды

  • 387
Қостанайда 16 талапкер ҰБТ ережесін бұзды

Қостанайда ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім сынағына екі жарым мыңнан аса талапкер қатысты. Он алты түлек емтиханға жіберілген жоқ. Олар аудиторияға смартфонмен кірмек болған. Шеттетілгендер енді наурыз айында өтетін сынаққа қатысады. Ал осы жолғы тестілеуге қатысқан 11-сынып оқушылары жоғары оқу орындарына тек ақылы түрде түсе алатынын ескерту керек. Ол үшін шекті балл жеткілікті. Олар мемлекеттік оқу гранттарына үміткер бола алмайды.

Рүстем Болатов, облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

– Жасырынған ұялы телефондарды металл іздеуіштің көмегімен тауып алдық. Кейін тағы екі талапкер смартфон қолданғаны үшін аудиториядан қуылды. Ал былтыр тура осындай 26 факті тіркелген. Нәтижесінде 21 талапкердің тестілеу нәтижесі жойылған.

Хабар 24 телеарнасы