Оқушыларға шетелдік мектептерде онлайн оқуға тыйым салынды

Елімізде індет кезінде шетелдік мектептерге ауысу жағдайы жиілеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ оқушыларға шетелдік мектептерде қашықтан оқуға болмайды. Бұл туралы Алматы қалалық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева айтты. Аталған жағдайдан соң Білім туралы заңға өзгертулер енгізілген. Енді мектептер бұдан былай 5 жылда бір рет мемлекеттік аттестациядан өтіп тұрады. Басты мақсат – білім деңгейін көтеру. Мектеп пен лицей оқытушыларына қойылатын талап күшейтілген. Мысалы, колледж түлектерінің 75 проценті мамандық бойынша жұмысқа тұруы міндеттелген.

Гүлнәр Ермекбаева, қалалық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

– Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, сарапшы, зерттеуші педагогтердің, шебер педагогтердің үлесі мұлғалімдердің жалпы санының кемінде 35 пайызы болуы тиіс. Ал лицейлер мен гимназияларда кемінде осы педагогтердің үлесі – 40 пайыз.

Алматыдағы 207 мектеп пен 15 интернат жыл соңына дейін толықтай бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етіледі. Осыған дейін 7430 бейнебақылау камерасы болған. Бұл білім ошақтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалып отыр деді маман.