Ескерту: Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты он өңірге дауылды ескерту жарияланды. Атап айтқанда, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарын тұман басады. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 20 метрге дейін жетеді. Соған сәйкес, көктайғақ орнап, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Еліміздің батыс бөлігінде Атырау мен Маңғыстау облыстарында осындай жағдай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында алдағы 2 күн қатты жел болады.

«Ал, оңтүстікте Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында тұман болады», - дейді сипоптиктер.