31 қаңтарда елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Жексенбі күні, 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар елордада жүрмейді.

Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды», – дегенді еске салады әкімдік.