Коронавирусқа қарсы екпені қандай жағдайда салдыруға болмайды? 

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң екпе бөлмесінде 30 минут отырған жөн, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық иммунологтар осылай дейді. Сонда ғана екпе кері әсер еткен жағдайда мамандар оның себебін бірден анықтай алады. Иммунологтар тұмауға шалдыққан және созылмалы ауруы ушыққан азаматтардың да вакцина салдыруға асықпағаны дұрыс дейді. Вакцина егілген соң ішімдік ішуге болмайды. Бұл да ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін.        

Елена Ковзель, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бағдарлама меңгерушісі:

– Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған және инкубациялық кезеңдегі азаматтар вакцина салдырмағаны дұрыс. 10-12 күн өтуі тиіс. Егер осы уақыт аралығында бәрі дұрыс болса, онда екпе егуге тыйым салынбайды.