Шаңды дауылдан Жетібай – Шетпе бағытындағы жол жабылды

Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан республикалық маңыздағы Жетібай – Шетпе тасжолы уақытша жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзге бағыттар әзірге ашық. Шалғай өңірде кешелі бері топырақ аралас қатты жел басылмай тұр. Жол сақшылары көлік жүргізушілеріне арақашықтық сақтап, жылдамдықты асырмау қажеттігін ескертеді. Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.

Сондай-ақ...