Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: жеті өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін Түркістан облысында қар аралас жаңбыр жауады.

Аймақта желдің екпіні күшейіп, арты көктайғаққа айналады. Ал Жамбыл және Қызылорда облыстарында қалың тұман болады дейді синоптиктер. Жамбыл облысында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді және осындай ауа райы алдағы 3 күн бойы сақталады. Маңғыстау, Ақтөбө, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұман болады. «Қазгидромет» мамандары осыған байланысты 7 өңірде дауылды ескерту жариялады.