Вакцина қабылдаған адам қандай сақтық шараларын ұстануы керек

Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау саласы басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді.

Оның айтуынша, вакцина салынғалы бері асқыну болған жағдай тіркелген жоқ. Егер кімде-кім шағымданып жатса, онда ол міндетті түрде дәрігерге жүгінуі керек.

Сонымен қатар бұл процесс цифрландырылған, яғни вакцина салдырғаныңыз туралы және қандай сақтық шараларын сақтау керектігі туралы мәліметтер телефон нөміріңізге хабарлама ретінде келеді.

– Маған 22 ақпанда екінші компонентті алу туралы хабарлама келді. Сақтық шараларына келсек, инъекция салынған жерде ауырсыну болуы мүмкін. Кемінде үш күн арақ ішуге, шылым тартуға болмайды. Одан қалды баня, саунадан да бас тартқан жөн. Суық тигізуге болмайды, – дейді ол.