424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірнеше өңірде жел күшейіп, көктайғақ болады

  • 315
  • UPD: 08:52, 02.02.2021
Бірнеше өңірде жел күшейіп, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің біраз бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұман басады. Әсіресе, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында осындай жағдай байқалады. «Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 20 метрге дейін жетеді», - дейді синоптиктер.

Ал оңтүстікте Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында көктайғақ болады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Қарағанды мен Қостанай облыстарында қатты жел болады. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 18-20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты аталған аймақтарға дауылды ескерту жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы