Үлкен және Кіші Алматы су бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін

Үлкен және Кіші Алматы су бассейндерінде бүгін қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты синоптиктер абай болу керектігін ескертеді. Әсіресе, қарлы, тік жартастарға шықпау қажет. Өйткені таудағы қар жамылғысы қазір тұрақсыз. Оның үстіне бүгін еліміздің бірқатар аймағында қар аралас жаңбыр жауады. Атап айтқанда, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында осындай жағдай байқалып, арты көктайғаққа айналады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында қалың тұман болады. Жел екпіні күшейеді. Ақмола мен Қарағанды аймақтарында оның жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Сондай-ақ...