Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Орал қ.: тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

4-5 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда қ.: 4-5 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтан

4-5 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: 4-5 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

4 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты қар, күндіз кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с.

Өскемен қ.: 4 ақпанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семей қ.: 4 ақпанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

Күндіз 4 ақпанда Павлодар облысында кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Тәулік бойы 4 ақпанда кей жерлерде тұман, қөқтайғақ күтіледі.

Павлодар қ.: тәулік бойы 4 ақпанда тұман, қөқтайғақ күтіледі.

Ақмола облысы

4-5 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 4-5 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысы

4 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қ.: 4 ақпанда түнде көктайғақ күтіледі

Қостанай облысы

4 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай қаласы: 4 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысы

4 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 4 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Бұған дейін жүргізушілерге алыс сапардан бас тартуға кеңес берілгенін хабарлағанбыз.