Зейнетақы жинағымен ипотеканың ай сайынғы төлемін өтеуге болады

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының артылған бөлігін ипотека қарызын және ай сайынғы төлемді төлеуге қолдана алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Отбасы банк мамандары мәлімдеді. Яғни, шекті мөлшерден артылған ақшаны ипотека қарызының бір бөлігін жабуға немесе алдағы бірнеше айдың төлемін төлеуге болады. Сондай-ақ қазақстандықтар бұрын төленбей қалған ипотека қарызын да жаба алады. 

Рахиля Балтабаева, «Отбасы банкі» АҚ департамент директоры:

– Ережеге сәйкес займ бойынша қарызды толықтай немесе бір бөлігін ғана жабуға болады. Негізгі қарыз немесе сыйақы мөлшерлемесі десек, қазақстандықтар өз жинағын осы қарызды жабуға пайдалана алады. Сондай-ақ бекітілген ережеге сәйкес бірреттік зейнетақы төлемін шектеусіз алуға болады. Яғни белгілі бір уақыт аралығында бірнеше рет пайдалана алады.