Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің солтүстік және шығыс бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Петропавлда және оның айналасындағы елді мекендерде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді деп болжанды. Дәл осындай жағдай Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысында да байқалады. Қар аралас жаңбыр жауып, тұман болады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Қалың тұман Қарағанды, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстарын басады. Оңтүстікте Түркістан мен Жамбыл аймақтарында осындай күн райы сақталады. Елордамызда да бүгін сынап бағанасы төмендеп, жел екпіні күшейеді. Осыған байланысты синоптиктер 14 өңірге дауылды ескерту жариялап отыр.