Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады

Қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз айында 19 күн жұмыс істеп, 12 күн демалады.

Наурыз айының алғашқы мерекесі, Халықаралық әйелдер күні биыл дүйсенбіге тура келіп тұр. Сондықтан бес күн жұмыс істейтіндер қатарынан үш күн демалады.

Ал Наурыз мейрамында жерлестерімізді 20-24 наурыз аралығында – бес күн демалыс күтіп тұр. Наурыз мейрамы жексенбіге тура келгендіктен, оның демалысы сәрсенбіге ауыстырылды.

2021 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады