Қазақстанның 13 аймағында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Бүгін елімізің біраз бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады. Осыған байланысты «Қазгидромет» мамандары 13 аймаққа дауылды ескерту жариялады.

Әсіресе Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың тұман болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Еліміздің батысындағы барлық облыста да осындай жағдай байқалады. Көктайғақ кесірінен жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін.

«Ал оңтүстікте Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қалың тұман болады және бірнеше күн сақталады» дейді синоптиктер.