417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылдың қаңтары несімен ерекшеленді

  • 197
  • UPD: 15:21, 05.02.2021
2021 жылдың қаңтары несімен ерекшеленді

«Қазгидромет» РМК 2021 жылдың қаңтары несімен ерекшеленгенін айтты.

2021 жылғы қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-5° төмен болды, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында норма шамасында, республиканың батыс өңірлерінде және қиыр оңтүстігінде нормадан 1-2° жоғары болды.

Желтоқсан аяздары жаңа жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігінде де сақталды, бірақ екінші және үшінші онкүндіктерде елордада түнде температуралық фон -10-15°С дейін көтерілді, тек кейбір күндері -20-25°С шамасында аяз болды, ал айдың соңында аяз толығымен шегінді, термометр бағаны -6,1°С көрсетті.

Мысалы, айдың бірінші онкүндігінде Сібір антициклонының күшеюімен және Батыс Сібір аудандарынан суықтың кезекті бөлігімен 9 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында түнде -31,3°С тіркелді, алайда 1893 жылғы қаңтардың абсолюттік минимумы -51,6°С асып түспеді.

Айдың аяғында Орта Азиядан жылы ауа массаларының шығарылуымен Қазақстанның барлық аумағында күннің жылынуы байқалды. Елордада 31 қаңтарда күндіз термометр + 3.4°С белгісіне жетті, тағы да абсолюттік максимумнан асып түспеді (1948 жылы+5,0°С байқалған).

Қаңтарда қар аз түсті, тек республиканың солтүстігінде, шығысында, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында жауын-шашын норма шамасында және 1,3-2,4 есе көп түсті. Жауын-шашынның таралуы бойынша осыған ұқсас ауа райы 1985 және 1996 жылдары, ал температуралық фон бойынша 1998 және 2012 жылдары болды.

Хабар 24 телеарнасы