Ескерту: Еліміздің жеті өңірінде ауа райы бұзылады

Елдің 7 облысында күн райы бұзылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таяу уақытта Батыс Қазақстанда тұман түсіп, боран соғады. Арты көктайғаққа ұласады. Желдің екпіні аймақта секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Шығыста да осындай жағдай. Мамандар Қызылорда өңіріндегі жүргізушілерге де ескерту жасады. Себебі көктайғақ. Оңтүстіктегі өзге де аймақтарда жауын жауып, күн жылы болады. Мұның соңы өзен-көлдерде судың көтерілуіне әкеліп соғуы мүмкін.