Нұр-Сұлтан қаласынан сыртқа шығатын жолдардың бәрі уақытша жабық

Себеп күн райының күрт бұзылуы.

Қар жауып, күн борағаннан кейін өкілетті мамандар осындай шешім қабылдады. Төтенше жағдай министрлігі Қазақстанның7 облысына қатысты дауылды ескерту жасаған болатын. Онда күн райы бұзылатыны туралы айтылды. Таяу уақытта Батыс Қазақстанда тұман түсіп, боран соғады. Арты көктайғаққа ұласады. Желдің екпіні аймақта секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Шығыста да осындай жағдай. Мамандар Қызылорда өңіріндегі жүргізушілерге де ескерту жасады. Себебі көктайғақ. Оңтүстіктегі өзге де аймақтарда жауын жауып, күн жылы болады. Мұның соңы өзен-көлдерде судың көтерілуіне әкеліп соғуы мүмкін.