419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 202
  • UPD: 23:33, 07.02.2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

8 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 8 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі.

Дауылдың ықтималдылығы 90-95%

8 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 8 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

8 ақпанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақтау қ.: 8 ақпанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.

8 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай қаласы: 8 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Дауылдың ықтималдылығы 90-95%

8 ақпанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 8 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 8 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.

8-9 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады. 8 ақпанда кей уақыттарда екпіні 30 м/с жетеді. Ауа температурасы 2 градус аяз – 3 градус жылыдан 10-18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

8-9 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

Хабар 24 телеарнасы