Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің біраз бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әсіресе, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарындағы жауын-шашын салдарынан өзендегі мұздар әлсіреп, су деңгейі көтерілуі мүмкін», - дейді синоптиктер. Түркістан мен Жамбыл облысында желдің де екпіні күшейеді. Кей жердерде оның жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді. Дәл осындай жағдай Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында да байқалады. Қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын болады. Тұман басады. Осының салдарынан жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 30 метрге дейін жетеді. Сынап бағанасы күрт төмендейді. Ал, еліміздің батыс бөлігінде Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында көтайғақ болады. Аталған аймақтарға дауылды ескерту жарияланды.