Еліміздің сегіз өңірінде жолдар жабылды

Ауа райының күрт бұзылуына орай еліміздің 8 өңірінде жолдар жабылды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.