Еліміздің кей өңірлерінде 33 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» РМК 9-11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Кезең ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аудандарынан келетін суық антициклонның ықпалында болады, онымен ауа температурасы 23-30 аязға дейін, елдің шығысында 28-33 аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Ал батыс өңірлерге Атлантика аудандарынан кезекті циклон әсер етеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, көктайғақ, тұман, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі», - делінген.