417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз күшейеді

  • 279
  • UPD: 15:46, 08.02.2021
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз күшейеді

Алдағы 3 күнде Қазақстанның басым бөлігінде аяз күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа температурасы 23-30 градусқа дейін төмендейді. Бұған солтүстіктен келетін суық антициклон себеп. «Осыған байланысты еліміздің шығысында ауа райы құбылып, 33 градусқа дейін аяз болады», - дейді синоптиктер. Ал батыста Атлантикалық циклон жауын-шашынның көптеп түсуіне ықпал етеді. Яғни аймақты тұман басып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы