Еліміздің бес өңірінде 14 бағыт бойынша жол жабық

Күн райының қолайсыздығынан еліміздің 5 облысында 14 бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар министрлігі алыс сапарға шықпас бұрын жағдайды бағамдауға кеңес береді. Өткен бір тәулікте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысында жолда қалған 72 адам құтқарылған. Қар құрсауынан 27 көлік шығарылды. 19 жылыту пункті ашылды. Қозғалысқа қауіпті жолдарда жол полициясы кезекшілік етуде. Сондай-ақ бір тәулікте 27 жол апаты тіркелді. Оларда 5 адам қаза тауып, 22-сі түрлі деңгейде жараланған.

Талғат Уәли, ҚР ТЖМ ресми өкілі:

- Жол бекеттерінде аздаған көлік кептелісі бар. Ол смс-хабарламалар, 112 смс хабламасы, «Дәрмен» қосымшасы және өзге де министрліктің ресми сайтында тұрған ақпараттармен таныспастан жолға шығып кеткен көлік жүргізушілері. Қазір бекеттерде тұр. Оларға өздерінің бағыттарын ары қарай жалғастыруға болмайды. Қалай ауа райы жақсарады, жол тазаланады, сол кезде жолдар ашылады.