420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

  • 345
  • UPD: 17:04, 08.02.2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

9 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде – 18 м/с.

9 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасан болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды қаласында жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с.

9 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с сақталады. Көкшетау қаласында түнде және таңертең жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20 м/с.

9 ақпанда Алматы облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні – 18-23 м/с.

Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 9-11 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. 9-11 ақпанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 9 ақпанда екпіні 23-28 м/с жетеді. Тараз қаласында 9-11 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады. 9 ақпанда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады.

9 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Петропавл қаласында 9 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.

Хабар 24 телеарнасы