419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында республикалық маңыздағы жолдар жабылды

  • 318
  • UPD: 18:25, 09.02.2021
Ақмола облысында республикалық маңыздағы жолдар жабылды

Ақмола облысында қолайсыз күн райы салдарынан республикалық маңыздағы жолдар жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолында жағдай қиын. Көлік жүргізушілері ескертуді елемей сапарға шыққан. Қазір Шучинск елді мекенінің тұсында жол сақшылары оларды керіп қайтарып жатыр. Жалпы кешелі бері жолда қалып қойған 94 адам құтқарылған. Олардың 13-і бала.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығы:

- Бурабай ауданынында 37, Ерейментауда 40 адам құтқарылды. Бұдан бөлек, Приречное ауылы тұсында апатқа ұшыраған 5 адамға көмек көрсетілді. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аудырылып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Құтқарылған азаматтар жылыту орындарына орналастырылды.

Хабар 24 телеарнасы