414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұман, бұрқасын, көктайғақ: бірнеше өңірде ескерту жарияланды

  • 333
  • UPD: 17:30, 09.02.2021
Тұман, бұрқасын, көктайғақ: бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет».

10 ақпанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Шымкентте кей уақытта тұман болады.

10 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жел болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде – 15-20 м/с.

10 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтау қаласында 10 ақпанда түнде көктайғақ болады.

10 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде күші – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с. Петропавл қаласында батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

9 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 9-11 ақпанда кей жерлерде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 9-11 ақпанда тұман түседі.

Хабар 24 телеарнасы