Республикалық маңызы бар 10 жолда қозғалысқа шектеу қойылды

Елімізде кешеден бері күн райы күрт бұзылып, тас жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір республикалық маңызы бар 10 жолдағы қозғалысқа шектеу қойылған. Атап айтқанда, Қарағанды-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Қызылорда-Павлодар және Алматы-Өскемен бағытындағы жол уческелері жабық. Шығыс Қазақстан облысында Таскескеннен Алматы облысына қатынайтын жолда да қозғалыс уақытша тоқтап тұр. Қар құрсауында қалған көліктерді құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолы бойындағы 2 көлік қауіпсіз жерге шығарылды. 1 адам ауруханаға жеткізілді. Ал Қарағанды облысында 8 адам эвакуацияланған. Оның екеуі – бала.

Сондай-ақ...