419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 161
  • UPD: 09:37, 11.02.2021
Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды фото: forbes.kz

Бүгін еліміздің оңтүстік өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады.

Бұл жағдай, әсіресе, Жамбыл және Түркістан облыстарында байқалады. «Салдарынан тіпті өзен суының деңгейі де көтерілуі мүмкін», - дейді синоптиктер. Осыған байланысты аталған аймақтарға дауылды ескерту жарияланды. Бұған қоса, Жамбыл облысында жел екпіні күшейеді. Кей жерлерде оның жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді. Көктайғақ болады. Бұның барлығы жолдағы қозғалысты қиындатуы мүмкін. Қызылорда облысында да көктайғақ болады. Дауылды ескерту Атырау мен Батыс Қазақстан областарында да жарияланды. Өйткені кей жерлерді қалың тұман басады.

Хабар 24 телеарнасы