Қазақстан мен бес ел арасындағы халықаралық рейстер саны артты

Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Мальдив аралдарына қатынайтын тұрақты халықаралық рейстердің саны ұлғайтылды.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 9 ақпандағы шешіміне сәйкес мына елдермен тұрақты халықаралық жолаушылар рейстерін ұлғайтуға/жаңғыртуға рұқсат етілді:

  1. Ресей – 7 рейске (әр тараптан аптасына 3-тен 10 рейске дейін):

– Нұр-Сұлтан – Мәскеу, әр тараптан аптасына 2-ден 4 рейске дейін;

– Алматы – Мәскеу, әр тараптан аптасына 1-ден 4 рейске дейін;

– Шымкент – Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау;

– Ақтау – Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау.

  1. Мальдив аралдары – 3 рейске (аптасына 4-тен 7 рейске дейін):

– Алматы – Мале, қазақстандық әуе компаниялар үшін аптасына 4-тен 7 рейске дейін;

  1. Қырғызстан – 1 рейске (аптасына 2-ден 3 рейске дейін):

– Алматы – Бішкек, аптасына 2-ден 3 рейске дейін;

  1. Өзбекстан – 1 рейске (әр тараптан аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін):

– Нұр-Сұлтан – Ташкент, әр тараптан аптасына 1-ден 2 рейске дейін;

  1. Украина – 1 рейске (аптасына 1-ден 2 рейске дейін):

– Нұр-Сұлтан – Киев, аптасына 1 рейсті қайта бастау.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі