416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы Қабанбай батыр даңғылында автобус жолақтары алынып тасталды

  • 140
  • UPD: 14:13, 11.02.2021
Елордадағы Қабанбай батыр даңғылында автобус жолақтары алынып тасталды

Нұр-Сұлтан қаласында Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолақтары 10 ақпаннан бастап алынып тасталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың көше-жол желісін жеңілдету мақсатында осы жылдың 10 ақпанынан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойындағы Сығанақ көшесінен айналма жол айрығына дейінгі аралықта екі бағытта қоғамдық көлік жолақтары алынып тасталды.

Автокөлік құралдарының барлық түріне қалаға кірген кезде үш жолақ бойынша, қаладан шыққан кезде екі жолақ бойынша жүруіне рұқсат етіледі.

Жол белгілерін демонтаждау жұмыстары қолайлы ауа райы басталғаннан кейін жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы