Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні жүруі мүмкін

Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Өйткені онда жауын-шашынның мөлшері көп.

Бұған қоса қар жамылғысы тұрақсыз. Синоптиктер тік жартастарға шықпауға, жалпы тауда абай болуға шақырады. Сондай-ақ бүгін Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облысында тұман болады және осындай жағдай алдағы 3 күн бой қайталанады. Қостанайда да тұман. Желдің екіпіні бұл аймақта секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты кей жерлерде жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін.