Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» Қазақстан бойынша 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Мәскеу аудандарынан келетін циклон республиканың батыс және солтүстік аймақтарына ауысуды жалғастыруда. Оның келуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, ауа температурасының жоғарылауы, сондай-ақ жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі. Ел аумағының қалған бөлігі жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін», - деп хабарлады.