Астанада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүреді

Елордада жексенбі, яғни 14 ақпан күні қоғамдық көлік жүреді, деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көліктің штаттық режимде жұмыс істеуіне, жексенбі, демалыс және мереке күндері тоқтаусыз (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүруіне рұқсат етіледі.

Сондай-ақ қоғамдық көліктерде бетперде тағу режимін сақтау қажет. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.