Тұман, көктайғақ, бұрқасын: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

13 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ.: 13 ақпанда тұман күтіледі.

13 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қ.: 13 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі.

13 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысы

13 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Алматы облысындағы Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 13 ақпанда қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы тік жартастарға шықпаған жөн.