Еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ болады

Еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ болады

Осыған байланысты 7 өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Әсіресе, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында қалың тұман болып, жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Дәл осындай жағдай Қарағанды, Ақмола және Қостанай аймақтарында да байқалады. Дәл қазір Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы тас жол жабық. Бұған қоса, Достық-Үшарал жолындағы қозғалысқа шектеу қойылды. Еліміздің батыс бөлігінде дауылды ескерту Маңғыстау облысында жарияланды. Аймақта көктайғақ болады.