Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

17 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Қызылорда қаласында 17 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі.

17 ақпанда Атырау облысының күндіз кей жерлерінде қатты қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

17 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

17 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.