Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің біраз бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Павлодар, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында жауыннан кейін жел күшейіп, көктайғақ болады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін.

«Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді», - дейді синоптиктер. Ал, Атырау облысында қалың қар түседі. Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Жамбыл өңірлерінде тұман болады. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында да жел күшейеді. Оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Осылайша, бас-аяғы 12 аймаққа дауылды ескерту жарияланды.

Сондай-ақ...