Қазгидромет: Наурыз айында жауын-шашын көп болады

Наурыз айында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын көп болады.

Синоптиктер болжамынша, оңтүстік өңірлер жаңбырлы болса, солтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Наурыздың алғашқы он күнінде ауа температурасы 0 мен 5 градус аралығын көрсетеді. Айдың соңына қарай оңтүстік пен батыста күн 25 градусқа дейін жылиды. Дегенмен еліміздің кей аймақтарында ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. 

Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМК ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы:

– Наурыздың ең суық күндері бірінші және екінші онкүндіктерде. Ауа температурасы басым бөліктерде минус 15-25 градус аязға дейін, күндіз минус 5-13 аязға дейін, ал оңтүстік-батыс өңірлерде минус 5-18 аязға дейін төмендейді. Күндіз минус 5, +5 бестің аралығында болады деп күтіледі.

Сондай-ақ...