Еліміздің тоғыз өңірінде жолдар жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты елдің тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Сондай-ақ елорда мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Қазгидромет мамандары алдағы күндері елдің барлық өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын хабарлады. Кей облыстарда қар жауып, көктайғақ болуы және жел күшеюі мүмкін. Сондықтан тұрғындарға алыс жолға шықпауға және дауылды ескертулер туралы хабарландыруларды ескеруге кеңес береді.